Жанкүйерлер «Қайрат» - «Реал Мадрид» матчының эфирдегі сапасын шағымданған.
Qazsport арнасы эфир кезіндегі ақауларға интернет желісіндегі сыртқы қиындықтар себеп болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жанкүйерлер «Қайрат» - «Реал Мадрид» матчының эфирдегі сапасын шағымданған.
«Құрметті көрермен! «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының трансляциясы барысында техникалық ақаулар туындап, көрерменге ойынның онлайн көрсетілімін толық көрсете алмадық. Корпорация матчқа дейін толықтай техникалық дайындық шараларын жүргізді. Серверлердің қуаттылығы әдеттегіден үш есе көбейтіліп, бейне ағынын жеткізу қызметі оңтайландырылды. Алайда матч басталған сәтте туындаған мәселені жедел шешуге тырысқанымызбен, интернет желісіндегі сыртқы қиындықтарға байланысты ақауларды толықтай ретке келтіре алмадық. Қазір мәселеге қатысты кешенді техникалық талдау жүргізіліп жатыр. Туындаған қолайсыздықтар үшін көрерменнен кешірім сұраймыз», – деп жазды корпорация.
Ел еліміздің жасанды интеллект және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі транляция кезіндегі ақауды қолданушылардың көптігімен байланыстырды.
«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының онлайн трансляциясы кезінде «Қазақстан» ТРК платформасында пайдаланушылардың көп болуына байланысты ақау шықты. Уақытша qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттары, сондай-ақ BeeTV, TV+ және басқа да қосымшалар эфирді көрсетпей қалды», – деп хабарлады ведомство.