Рыбакина WTA деңгейіндегі рекордын жаңартты

Qaz365.kz редакциясы

Ол жеңісті сериясын тоғыз ойынға жеткізді

olympic.kz

Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі Мастерс турнирінің екінші раундында ресейлік Анна Калинскаяны жеңіп, Дүниежүзілік Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) деңгейінде жеңісті сериясын тоғыз ойынға жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның үздік теннисшісі қатарынан тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді. Бұл - оның мансабындағы WTA деңгейіндегі ең ұзақ жеңіліссіз сериясы.

Осыған дейін Елена Рыбакина Турда екі рет жеті матч қатарынан жеңіске жетті.

4 жыл бұрын Рыбакина ITF сериясы бойынша турнирлерде өнер көрсетіп, қатарынан 11 кездесуде жеңіске жеткен.

Ол Майамидегі Мастерс турнирінде қарсыласы испандық Паула Бадосаны жеңсе, жеңісті сериясын бұдан әрі жақсарта алады. Ғаламшардың 29-ракеткасымен кездесу 25 наурызда өтеді.