Министрлік басымдықты нәтижеге бермек
Туризм және спорт министрлігі жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізімін бекітті. Оған Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Азия пара ойындарының бағдарламасына енген 65 спорт түрі, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері енгізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Аталған спорт түрлерін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет есебінен басым тәртіппен жүргізіледі. Қаражат спорт резервін даярлауға, спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысуына, оқу-жаттығу жиындары мен спорттық іс-шаралар өткізуге, спорт инфрақұрылымын күтіп-ұстауға және дамытуға бағытталады. 65 жоғары жетістіктер спорты түрінің ішінен 46-сы басымдыққа ие деп белгіленді. Олардың қатарында 11 ұлттық спорт түрі бар. Іріктеу жұмыстары Қазақстан ұлттық құрамаларының Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Азия пара ойындарында көрсеткен нәтижелеріне қарап жасалды.
Жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізіміне енбеген спорт түрлері бұқаралық спорт қағидаты бойынша дамытылады. Жергілікті атқарушы органдар спортшылардың ел чемпионаттары мен кешенді жарыстарға қатысуын қаржыландырады. Ал халықаралық жарыстарға бюджет есебінен қатыса алмайды. Тек демеушілердің немесе өзге де қаражат есебінен қатысуына болады.
Тізім жыл сайын жаңартылып отырады. Бұл Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Азия пара ойындарында жоғары нәтиже көрсеткен спорт түрлерін қосуға мүмкіндік береді. Заң жобасына енгізілген түзетулер қоғам өкілдері, депутаттар, спорт саласының мамандары, федерациялар, бапкерлер, сарапшылар қауымдастығы мен үкіметтік емес ұйымдардың пікірін ескере отырып дайындалғанын ерекше атап өткен жөн.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елде спорт саласына кешенді реформа жүргізілуде. Министрлік дене шынықтыру және спорт саласын жүйелі реформалауға бағытталған «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасын әзірлеген.
Заң жобасындағы бірқатар маңызды өзгерістер: