Сенсацияға сәл қалды: «Қайрат» «Интерге» есе жіберді

Qaz365.kz редакциясы

Бұған дейін Интер бірде-бір гол өткізбеген еді

MARCO LUZZANI/GETTY IMAGES

Миланның әйгілі «Джузеппе Меацца» стадионында өткен УЕФА Чемпиондар лигасының 4-туры аясындағы матчта «Қайрат» сырт алаңда «Интерден» 1:2 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бірінші тайм соңында миландықтар есеп ашты. Лаутаро Мартинес 45-минутта мергендік танытты. Екінші таймда қазақстандық команда ойынға қайта оралды: 55-минутта Офри Арад бұрыштан берілген допты қақпаға дәл бағыттап, есепті теңестірді.

Алайда көп ұзамай Интердің жартылай қорғаушысы Карлос Аугусто 67-минутта шешуші гол соғып, өз командасына жеңіс әкелді.

Айта кетейік, бұл кездесуге дейін италиялық клуб Чемпиондар лигасында бірде-бір гол жібермеген болатын. Алматылықтар алғашқы болып бұл көрсеткішті бұзып, турнирдің басты фавориттерінің бірімен тең дәрежеде ойнады.