Ол бельгиялық Элиза Мертенспен кездесті
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің келесі кезеңіне шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Е.Рыбакина жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған мастерс додасының ширек финалына шығу үшін әлемнің 39-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенспен кездесті.
Матч 6:4, 6:3 есебімен, қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.