Билеттердің көбі қазірдің өзінде сатылып кеткен
Ағылшынның «Арсенал» футбол клубы ресми сайтында Лондонда өтетін «Арсенал» – «Қайрат» матчының билеттері сатылымға шыққанын және олардың бағасын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Көптен күткен ойынды тамашалау үшін жанкүйерлерге 44,80–84 фунт стерлинг, яғни шамамен 30 800 – 57 750 теңге аралығында төлеуге тура келеді. Клубтың сайтында билеттердің көпшілігі қазірдің өзінде сатылып кеткені көрсетілген.
Кездесу 2026 жылғы 28 қаңтарда Лондонда, УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі сегізінші тур аясында өтеді.
Ал Алматыда өтетін «Қайраттың» үй матчтарына билеттердің бағасы 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін жетеді. Жанкүйерлер бағаның жоғары екенін айтып, наразылық білдірген болатын.
Қазіргі таңда «Қайрат» төрт ойыннан кейін бір ұпай жинап, турнир кестесінде 34-орында тұр. Келесі матчта алматылық клуб өз алаңында «Олимпиакосқа» қарсы ойнайды.