Қазақстан құрамасы таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатының екінші алтын медалін жеңіп алды

Qaz365.kz редакциясы

Батырхан Төлеуғали әлем чемпионы атанды

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Таеквондодан Кенияның Найроби қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Батырхан Төлеуғали әлем чемпионы атанды.

Қазақстандық спортшы 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік шықты.

Финалда Төлеуғали ирандық Мохаммад Ализадені жеңді.

Айта кетейік, ұлттық құрама қоржынында үш жүлде бар. Бұған дейін Бейбарыс Қаблан чемпион атанса, Тамерлан Тілеулес қола медаль иеленген еді.