Соңғы бір жылдағы нәтижелерің керемет - Квитова Рыбакинаға сәттілік тіледі

Qaz365.kz редакциясы

Майамиде 301 миллион теңге табыс тапқан Рыбакина алдағы жоспарын айтты

стоп-кадр

Майамиде 301 миллион теңге табыс тапқан Рыбакина алдағы жоспарын айтты. АҚШ-тың Майами қаласында өткен теннистен WTA 1000 турнирінің финалисі, қазақстандық Елена Рыбакина жарыстан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
 

- Әрине, Петра, сені және командаңды жеңісіңмен құттықтаймын! Биылғы маусымға сәттілік тілеймін. Сосын Майами турниріне қатысы барлардың барығына алғыс білдіремін. Мұндай ұзақ дистанцияға төтеп беру оңай емес. Осы жетістіктің бәрі команданың арқасы. Біз әрі қарай жұмысымызды жалғастырамыз, - деді Елена Рыбакина.

Ал турнир жеңімпазы, Чехия теннисшісі ертеңнен бастап, әлемдік рейтингте үздік ондыққа оралады. Бұл - оның карьерасындағы 30-шы кубогы. Марапаттау рәсімінде Петра да жерлесімізді құттықтады.

- Осындай керемет жетістігіңмен сені де құттықтаймын. Бұл жерде тек соңғы екі аптадағы көрсеткішіңді ғана айтып тұрған жоқпын. Жалпы, соңғы бір жылдағы нәтижелерің керемет. Енді маусымның қалған бөлігіне сәттілік тілеймін! - деді Квитова.


Айта кетейік, Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өткен WTA 1000 санатындағы жарыстың финалында Петра Квитовадан екі сеттің қорытындысы бойынша жеңілді. 
Отандасымыз финалға дейін жеткені үшін 662,3 мың доллар (301,2 миллион теңге) табыс тапты.

Видео: Telegram