«Қайрат» сырт алаңда «Арсеналға» бір гол айырмасымен жол берді

Qaz365.kz редакциясы

Алматылық клуб Чемпиондар лигасындағы соңғы ойынын өткізді

Instagram/ f.c.kairat

Алматының «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі ойындарын аяқтады. Турнирдің соңғы, 8-турында қазақстандық команда қонақта лондондық «Арсеналмен» кездесіп, 3:2 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кездесу басынан бастап жоғары қарқынмен өтті. Матчтың 2-минутында «Арсенал» сапынан Дьёкереш есеп ашты. Араға көп уақыт салмай «Қайрат» ойыншысы Жоржиньоға қарсы ереже бұзылып, төреші пенальти белгіледі. Айып добын Жоржиньо мүлт кетпей орындап, есепті теңестірді.

Алайда 15-минутта Хаверц алматылықтардың қорғанысындағы қателікті пайдаланып, «Арсеналды» қайта алға шығарды. Ал алғашқы тайм аяқталар тұста Мартинелли тағы бір гол соғып, есеп айырмасын екі допқа жеткізді.

Екінші таймда қос команда да сақтық танытып, қауіпті шабуылдар аз болды. Ойын соңына қарай Рикардино гол соғып, «Қайраттың» есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен бұл гол матчтың нәтижесіне әсер ете алмады.

Осылайша Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне алғаш рет қатысқан «Қайрат» плей-оффқа, яғни 1/16 финалға шыға алмай, еурокубоктағы маусымын аяқтады.