2025/26 жылғы маусымда алматылық Қайрат алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жалпы кезеңде қазақстандық клуб сегіз матч өткізіп, бір ғана ұпай жинады. «Қайрат» Кипрдің «Пафос» командасымен 0:0 есебімен тең ойнап, қалған кездесулерде Португалияның «Спортингіне» (1:4), Испанияның «Реалына» (0:5), Италияның «Интеріне» (1:2), Данияның «Копенгагеніне» (2:3), Грекияның «Олимпиакосына» (0:1), Бельгияның «Брюггесіне» (1:4) және Англияның «Арсеналына» (2:3) жол берді.
Sports.kz дерегінше, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққаны үшін «Қайрат» 18,62 млн еуро (шамамен 11,23 млрд теңге) табыс тапқан. Ал жалпы кезеңдегі бір тең нәтиже клуб қоржынына қосымша 700 мың еуро (422,1 млн теңге) әкелді. Осылайша, алматылық клубтың еурокубоктағы жалпы кірісі 19,32 млн еуроны (11,65 млрд теңге) құрады.
Айта кетейік, еурокубок маусымы толық аяқталған соң бұл сомаға телетрансляция және маркетингтік құқықтарды сатудан түскен қосымша төлемдер де қосылады.