Australian Open-2026: 17 жасар Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы турнирде жартылай финалға шықты

Qaz365.kz редакциясы

Ол ширек финалда гонконгтық Кай Томпсонды жеңді

Ашық дереккөздерден

Қазақстандық 17 жасар теннисші Заңғар Нұрланұлы Australian Open жарысының жасөспірімдер арасындағы турнирінде топ жарып, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол ширек финалда гонконгтық Кай Томпсонды үш сетте жеңді - 3:6, 7:6 (7:4), 6:4. 

Жартылай финалға апарар ойын Заңғар үшін оңайға соқпады.

Үш сағатқа созылған ойын барысындағы үшінші сетте Нұрланұлының аяғының бұлшық еті құрысып, медициналық көмек алуға мәжбүр болды. Дегенмен бұған қарамастан ойын Заңғардың пайдасына шешілді. 

Айта кетейік, 17 жастағы теннисші былтыр US Open жарысының жасөспірімдер турнирінде де жартылай финалға дейін жеткен. 

Түркістан облысының тумасы өткен жылдан бастап жоғары санатты жасөспірімдер турнирлерінде өнер көрсетіп келеді. Ол қыркүйек айында US Open жарысының жартылай финалында жасөспірімдер арасындағы әлемнің алғашқы ракеткасы, болгариялық Иван Ивановқа есе жіберді.

Ал қазір Нұрланұлы Мельбурнде жеңіске бір қадам жақындап тұр. 16 жасар ресейлік Савва Рыбкинмен кездесуге дейін ол таиландтық Кунанан Пантараторнды 6: 2, 6: 1 есебімен жеңген еді, содан кейін үш сетте 15 жасар австралиялық Таика Такизаваны ұтты - 7:5, 1:6, 6:3.

Еске сала кетсек, қазірті таңда Australian Open жарысында үш қазақстандық теннисші қалды.

Заңғардан бөлек әйелдер арасында Елена Рыбакина финалда Арина Соболенкомен (Беларусь) кездеседі.

Ал Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен әйелдер арасындағы жұптық сынның финалынды ойнайды.

Үшеуінің де ойыны сенбі, 31 қаңтарда болады.