31 қаңтар, сенбі күні Australian Open турнирінде қазақстандық теннисшілердің қатысуымен екі бірдей финалдық матч өтеді. Жарыстың шешуші кезеңінде Елена Рыбакина (жекелей сында) және Анна Данилина (жұптық сында) өнер көрсетеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Финалдық кездесулер Австралияның Мельбурн қаласындағы Rod Laver Arena кортында өтеді. Турнир кестесіне сәйкес, алдымен әйелдер арасындағы жұптық сында финал ойналады, ал кешкі уақытта (жергілікті уақытпен) әйелдер арасындағы жекелей финал өтеді.
Қазақстан уақыты бойынша матчтардың басталу уақыты:
06:00 – әйелдер жұптық сынының финалы: Анна Данилина / Александра Крунич – Чжан Шуай / Элисе Мертенс
13:30 – әйелдер жекелей сынының финалы: Арина Соболенко – Елена Рыбакина
Финалдық матчтардың тікелей трансляциясын Eurosport 1 телеарнасы көрсетеді. Көрсетілім кабельдік операторлар арқылы және tvcom цифрлық платформасында қолжетімді болады.