Оған бұдан да беделді турнирлерде жеңіске жетуін тіледі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Australian Open-2026-дағы тарихи жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
"Сіздерді теннистен Австралия ашық чемпионатындағы тамаша жеңіспен шын жүректен құттықтаймын. Сіз өзіңіздің мінсіз техникаңызды және жеңіске деген ерік-жігеріңізді тағы да сенімді түрде көрсеттіңіз, бүкіл әлемдік теннис қауымдастығы таңданатын нәтижеге қол жеткіздіңіз. Сізге бұдан да беделді турнирлерде жеңіске жетуіңізді тілеймін!" – делінген құттықтауда.