Қазақстандық спортшы Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан Паралимпиада-2026 ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Бұл Қазақстан құрамасының осы Паралимпиададағы алғашқы алтыны болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Хамитов биатлоннан 4,5 шақырымдық спринт-пасьют (отырып жарысу) бәсекесінде жеңіске жетті. Ол қашықтықты 9 минут 39 секундта жүріп өтіп, екінші ату кезеңінде бір мәрте мүлт кеткен.
Күміс жүлдені украиналық Тарас Радь жеңіп алды. Ол қазақстандық спортшыдан 21,5 секундқа қалып қойды. Қытайлық Лю Цзысюй 32,5 секундқа қалып, қола медаль иеленді.
Бұл жарыста Қазақстан атынан тағы екі спортшы өнер көрсетті. Юрий Березин екі мәрте мүлт кетіп, 19-орын алды (+3:30,4). Ал Сергей Усольцев бес қателік жіберіп, 23-орынға тұрақтады (+4:43,9).
Бұған дейін 10 наурызда Ербол Хамитов осы Паралимпиададағы Қазақстан құрамасының алғашқы медалін жеңіп алған болатын. Ол шаңғы жарысындағы спринт сайысында қола жүлде иеленген.