Дайындық барысында ұлттық құрама мүшелері ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан да тыс қалған жоқ
Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы «Алма Тау» спорттық базасында бокстан Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиындарын өткізуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Дайындық барысында ұлттық құрама мүшелері ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан да тыс қалған жоқ. Спортшылар Төлеби ауданына қарасты Ақбастау ауылындағы №760 учаскеге арнайы келіп, азаматтық борыштарын орындап, өз таңдауларын жасады.
Спортшылардың айтуынша, мемлекет тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте әрбір азаматтың белсенділігі аса маңызды. Сондықтан олар халықпен бірге ел болашағына жауапкершілікпен қарап, референдумға қатысуды азаматтық парыз деп санайтындарын жеткізді.
Боксшылардың арасында атақты әлем чемпиондары ағайынды Сабырхандар мен Оралбайлар және үш дүркін әлем және Париж Олимпиадасының жүлдегері Назым Қызайбай бар.