Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов елге оралды: оған екі бөлмелі пәтер берілді

Qaz365.kz редакциясы
Мейіржан Амангелдиев

Паралимпиада чемпионы әрі қола жүлдегері Ербол Хамитов жанкүйерлері Астанадағы әуежайдан күтіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оны қарсы алуға туризм және спорт министрі мен депутаттар барған. 

«Өмірде қанша қиындық болса да азаматтар спортқа барып, көк туымызды биікте желбірете берсін!» - деді Ербол Хамитов.

Спортшыға GBG компаниясы атынан екі бөлмелі пәтер сертификаты табысталды. 

Алтын медаль алғаны үшін оған мемлекеттен 250 мың доллар, қола жүлде алғаны үшін 75 мың доллар беріледі.