Дзюдошы неке сақинасы мен қызыл раушанның гүлшоғын көрсетті
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Instagram парақшасында өзіне сөз салғаны туралы жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz әлеуметтік желілерге сілтеме жасай отырып.
Дзюдошы неке сақинасы мен қызыл раушанның гүлшоғын көрсетті
«Мен «иә» дедім», – деп жазды спортшы.
Әбиба Әбужақынова – Қазақстандағы ең атақты дзюдошы
Естеріңізге сала кетейік, 28 жастағы қазақстандық дзюдошы Будапештте тарихи күміс жүлдеге ие болғанға дейін Ташкентте (2022) және Әбу-Дабиде (2024) екі қола медаль алған болатын. Сондай-ақ қазақстандық бойжеткеннің активінде Азия чемпионатының екі күміс жүлдесі бар. 2025 жылдың қарашасында Абу-Дабидегі Grand Slam сериясының турнирінде қола медаль жеңіп алған болатын.
2024 жылы Әбиба Париж Олимпиадасында өнер көрсетті, бірақ медаль ала алмады. Осыған қарамастан, оған елге оралған соң бірден бірнеше көлікті сыйға тартты.
Айта кетейік, ұлттық құраманың жанкүйерлері Әбиба Әбужақынованы Париж Олимпиасындағы Қазақстанның ең әдемі спортшыларының қатарына енгізді.
Әбиба Әбужақынова жыл қорытындысы бойынша әлемнің үздік дзюдошысы атанды.