Абонементтен денсаулықты жақсартуға дейін: 1Fit фитнесті қалай саналы өмір салтына айналдыруда

Qaz365.kz редакциясы

Еліміздің 16 қаласында 1500-ден астам спорт нысанын біріктірген ірі фитнес-агрегаторлардың бірі 1Fit платформасы 2026 жылға арналған өнім трансформациясын жариялады

1Fit

Қазақстанда фитнес «залға абонемент алу» деген үйреншікті түсініктің шеңберінен шығып жатыр. 1Fit – Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің ресми резиденті. Еліміздің 16 қаласында 1500-ден астам спорт нысанын біріктірген ірі фитнес-агрегаторлардың бірі 1Fit платформасы 2026 жылға арналған өнім трансформациясын жариялады. Енді ол жай ғана жаттығуларды біріктіретін платформа емес, әлеуметтік қолдау мен медициналық диагностика элементтері бар саналы денсаулық экожүйесіне көшетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сонымен қатар, Орталық Азиядағы ең ірі фитнес-агрегатор басшылығы ұсынған жаңа көрсеткіштер бұл трансформациялық стратегияның тиімді болғанын дәлелдеп отыр: компания өзін-өзі толық қаржыландыру деңгейіне жеткен. 

Мамандар тұрақты спорттағы ең үлкен түйткілдердің бірі – мотивацияның тез жоғалуы екенін айтады. Адам залды да, бағытты да ауыстыра береді, бірақ қолдау мен кері байланыс болмаса, қызығушылық көпке бармайды. Осы сұранысқа жауап ретінде 1Fit қосымшаның ішінде жабық әлеуметтік кеңістік – ішкі лентаны іске қосты. 

Бұл лентада қолданушылар жаттығу нәтижелерімен бөліседі, бірге айналысатын серіктестер табады және қызығушылықтары бойынша шағын қауымдастықтар құрады. Мәселен, таңғы жүзуді ұнататындардан бастап, функционалды тренинг жанкүйерлеріне дейін. Әзірлеушілердің айтуынша, мұндай формат жалғыздық сезімін азайтып, спортты күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдырады. 

«Спорт күн тәртібіндегі кезекті бір міндет болудан қалды. Айналаңдағы адамдардың нақты нәтижесін көріп, олардың қолдауын сезінгенде, жаттығу ішкі қалаудан туған дағдыға айналады. Енді 1Fit – тек денені шынықтыратын құрал емес, орта қалыптастыратын алаң», – дейді платформаның бір қолданушысы. 

Келесі маңызды қадам – зертханалық диагностика енгізілуі болды. 1Fit Invitro компаниясымен бірлесіп, чекап қызметін қосымшаға біріктіріп, жаттығуды превентивті медицинаның бір бөлігіне айналдырды. 

Health-Tech саласындағы халықаралық зерттеулерге сүйенсек, талдаулар негізінде жаттығу жеке адамға бейімделсе, оның тиімділігі шамамен 40%-ға артады. Енді алматылық қолданушылар қосымша арқылы чекапқа тікелей тапсырыс бере алады. Яғни арнайы барып, кезек күтіп жазылудың қажеті жоқ.  

Бастапқы кезеңде үш пакет ұсынылады: 
– Базалық – ағзаның жалпы жағдайын бағалау үшін; 
– Жүрек саулығы – кардио жүктемемен белсенді айналысатындарға; 
– 40 жасқа дейінгі денсаулық – кеңейтілген метаболикалық скрининг. 

Мақсатымыз – адамға өз мүмкіндігін шынайы әрі нақты көрсететін түсінік беру. Қан көрсеткіштерін уақыт өте салыстыра отырып бақыласақ, спорт денеге зорлық емес, денсаулыққа саналы түрде салынған инвестиция екеніне көз жеткізесіз. Сонда неге бүгін кроссфиттің орнына йоганы таңдаған дұрыс екенін де ұғасыз – бұл шешім ішкі түйсікке емес, нақты деректерге сүйеніп қабылданады, – дейді жоба командасы. 

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы фитнес нарығы да біртіндеп өзгеріп келеді. Адамдар енді «арзанырақ залды» емес, қауіпсіз жаттығып, денсаулық жағдайын бақылап, ортақ қызығушылығы бар адамдардың қолдауын сезінуге болатын ортаны іздейді.  

Қазір 1Fit бірнеше бағытты қатар ұсынады: 100-ден астам белсенділік түріне қолжетімділік, қауымдастық ішіндегі әлеуметтік байланыс және медициналық диагностикаға негізделген ғылыми тәсіл. Талдаушылардың пікірінше, мұндай модель жалпы үрдісті көрсетеді. Яғни, бір реттік жаттығулардан саналы әрі басқарылатын өмір салтына көшуге негізделген. 

Платформаның жаңаруы Қазақстандағы фитнес индустриясы жаңа кезеңге қадам басқанын аңғартады. Денсаулық енді жай ғана абстракт ұғым емес, дерек, мотивация және қолжетімділік бір-бірімен үйлесіп жұмыс істейтін тұтас жүйе ретінде қабылдана бастады. 

Мұнда деректерді түсіндіру тәсіліне ерекше мән беріліп отыр. Компания өкілдерінің айтуынша, диагностика енгізудегі мақсат – қолданушыға талдау нәтижелеріндегі сандарды көрсету ғана емес, сол мәліметтердің күнделікті өмірде нені білдіретінін ұғындыру. Алдағы уақытта сервис ағзаның қазіргі жағдайына қарай жүктеме көлемін, қалпына келу режимін және жаттығу түрін таңдауға көмектесетін жеке ұсынымдарды дамытуды көздейді. 

Мұндай тәсіл әлеуметтік желідегі кеңестерге немесе уақытша трендтерге көзсіз еру салдарынан туындайтын шамадан тыс жүктеме мен жарақат алу қаупін азайтады. Нәтижесінде фитнес бір сәттік әуестік емес, өз-өзіне тұрақты түрде қамқор болу жүйесінің бір бөлігіне айналады. 

Экожүйенің тағы бір маңызды қыры – мобильділік. Қазіргі адам жиі қала ауыстырады, жұмыс форматы да өзгеріп тұрады, сондықтан бір ғана спортзалға «байланып қалу» өмірдің шынайы ырғағына сай келмей барады. Біртұтас платформа қай жерде жүрсеңіз де жаттығу тәртібін сақтауға, яғни деректер, жаттығулар тарихы мен өз ортасын жоғалтпауға мүмкіндік береді. 

Сарапшылардың айтуынша, дәл осындай формат – бағасы ашық, бөліп төлеу мүмкіндігі бар әрі қызмет көрсету логикасы түсінікті жүйе – адамдардың салауатты өмір салтын ұзақ мерзім бойы ұстануына ықпал етеді. Бұл жағдайда денсаулық кездейсоқ шешімдер жиынтығы емес, саналы түрде басқарылатын үдеріске айналады. 

Деректерге, биомаркерлерге және жүктемені жеке ерекшелікке сай бейімдеуге деген қызығушылықтың артуы қоғамда бұл үрдістің кеңейгенін көрсетеді. Адамдар ағзасының қалай жұмыс істейтінін, қандай белсенділік түрі нәтиже беріп, қайсысы бермейтінін түсінгісі келеді. Әсіресе жасанды интеллекттің кең таралуы мен ақпаратқа жылдам қолжеткізе алу пайдаланушыларды саналы таңдау жасауға жетелейді. 

Осы тұрғыда фитнес медицинамен және превентивті көзқараспен жақындасып, жаттығу мен өзін жақсы сезінуге қамқорлық арасындағы шекара біртіндеп жойылып келеді. 

1Fit жобасының дамуы Қазақстандағы фитнес нарығының жаңа, неғұрлым саналы деңгейге көтеріліп жатқанын көрсетеді. Қолданушы енді жай ғана ыңғайлы залды немесе тиімді абонементті іздеумен шектелмейді. Ол қолжетімділік, ортақ қауымдастықтың қолдауы және ағзаның нақты жағдайын көрсететін объективті деректер үйлескен кешенді шешімді күтеді.  

Мұндай сұраныс денсаулыққа деген жаңа көзқарасты қалыптастырып отыр, Яғни спорт бір реттік әрекет емес, мақсаты айқын, нәтижесі өлшенетін және ұзақ мерзімді әсер беретін өмір салтының саналы бөлігіне айналуда.