IU сарапшыларының пікірі бойынша, бұл өзгерістер тыйым салынған заттар немесе әдістерді қолдану мүмкіндігіне көрсетеді
Былтыр жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан атынан алтын алып қуантқан, шыққан тегі кениялық Нора Джеруто допинг дауына ілікті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.
Бұл ақпаратты Athletics Integrity Unit допингке қарсы күрес жөніндегі ұйымы жариялады.
Бұған дейін спортшының аяғы ауыр екені айтылған. Сондықтан ақпан айында Астанада өткен Азия чемпионатында жоғары нәтиже көрсетпеді. Спортшы маусым айында босанады деп күтілуде.
Athletics Integrity Unit (AIU), World Athletics еншілес ұйымы, спортшы Нора Джерутоны қан сынамалардың айғақтары негізінде допингке қарсы ережені бұзды деп айыптады.
Допинг сынамасын зерттеу кезінде спортшының ағзасында тыйым салынған заттар табылмады. Алайда гематологиялық профилінде өзгеріс тіркелді, - делінген жеңіл атлетика федерациясының ресми жауабында.
AIU сарапшыларының пікірі бойынша, бұл өзгерістер тыйым салынған заттар немесе әдістерді қолдану мүмкіндігіне көрсетеді.
Айыптауларға жауап ретінде Нора Джеруто AIU комиссиясына халықаралық дәрігерлердің сараптамалық пікірлерімен расталған қорытындылармен мен медициналық құжаттардың толық пакетін берді.
Бұл тұжырымдар допинг немесе ЭПО инъекцияларын қолдану емес, өткен аурулардың салдарынан болған спортшының биологиялық паспортындағы өзгерістерді толық түсіндіреді.
AIU комиссиясы мәселе толық анықталғанша және түпкілікті шешім қабылданғанша спортшы Нора Джерутоны кез келген жарыстарға немесе іс-шараларға қатысудан уақытша шеттетеді.
Нора елімізге 2017 жылы көшіп келіп, кейін Қазақстан азаматтығын алған. Бірақ тек бес жылдан соң, 2022 жылдың 30 қаңтарында ресми жарыстарда Қазақстаның атынан өнер көрсету құқығына ие болды.
Сосын былтыр жазда АҚШ-тың Орегонда штатында өткен жеңіл атлетикадан өткен әлем чемпионатында 3000 метрге кедергілермен жүгіруден топ жарған.
Ол белгіленген қашықтықты 8:53.02 уақыт аралығында жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанғаны бар.
Қазақстанда оған дейін бірде-бір спортшы жеңіл атлетикадан ашық аспан астындағы әлем чемпионатында алтын алмаған.