Эльмира финалға дейін алдымен өзбек қызы Озода Зарипбаеваны мерзімінен бұрын жеңген
Елордада өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында қазақ қызы Эльмира Сыздықова топ жарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Отандасымыз 76 келіге дейін салмақтың финалында қырғыз қызы, Айпері Медетқызымен кездесті. Бұған дейін екеуі төрт рет жолыққан. Оның үшеуінде қарсыласы басым түскен. Осы жолы Сыздықова есеп айырмасын қысқартты. Сонымен қатар екі дүркін Азия чемпионы атанды.
Эльмира финалға дейін алдымен өзбек қызы Озода Зарипбаеваны мерзімінен бұрын жеңген. Сосын қытайлық Хуан Вангтен ұпай санымен басым түсті.
Айта кетейік, Қарағандының тумасы биыл Қазақстанның VI жазғы Спартакиадасында топ жарды. Эльмира осыған дейін Азия чемпионатында 6 жүлде жеңіп алған (1 алтын, 2 күміс, 3 қола).