Ол Батыс Қазақстан облысының Жымпиты (бүгінде Сырым) ауданында дүниеге келген
ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановтың бұйрығымен Тастанбек Есентаев ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті – бас хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы қауымдастықтың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Тастанбек Есентаев 1960 жылы Батыс Қазақстан облысы Жымпиты (бүгінде Сырым) ауданында дүниеге келген.
Қарағанды педагогикалық институтын, Қазақстан-Ресей университетін және Украина ұлттық спорт және дене тәрбиесі университетін бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы Қарағанды қаласындағы орыс тілі және әдебиетін арнайы тереңдетіп оқыту және күшейтілген әскери-дене шынықтыру дайындығы мектеп интернатының взвод командирі болып бастады.
Сол уақыттан бері дене шынықтыру және спорт саласында түрлі лауазымдарда қызмет еткен Тастанбек Құтжанұлы 2012 жылы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт жөніндегі комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің директоры қызметін атқарды.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы;
2014 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;
2014 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы;
2017 жылы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы РКБ төрағасының кеңесшісі Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығының төрағасы;
2020 жылы «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығының» бас директоры;
2021 жылы «Астана» футбол клубының бас директоры қызметін атқарған.