Жәмилә Бақбергенова қазақ қыздарынан алғаш болып үш дүркін Азия чемпионы атанды

Qaz365.kz редакциясы

Ол 72 келіге дейін салмақта күрескен

Елордада өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында қазақ қызы Жәмилә Бақбергенова топ жарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол 72 келіге дейін салмақта күрескен. Финалда жапониялық Сумире Никураның осал тұсын тапқан. Оған дейін ширек финалда тайбэйлік Пинг Цен Хонгты, сосын жартылай финалда моңғолиялық Даваанасан Энкх Амарды таза ұтты.
Сөйтіп, қазақ қыздарынан алғаш болып, үш дүркін Азия чемпионы атанды. Былтыр Моңғолияда топ жарған. Оның алдында 2020 жылы Үндістанда жеңіске жеткен.
Қыздар құрамасы Азия чемпионатын екі алтынмен аяқтады. Кеше 76 келіге дейін салмақта Эльмира Сыздықова қарсылас шыдатпаған.