"Мәссаған, сіз бәрін тексергенсіз бе?": Елена Рыбакина сүйіктісі жайлы айтты

Qaz365.kz редакциясы

Бұған дейін ұлттық құраманың жетекшісі Елена Рыбакина Ақордаға барып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, содан кейін журналистермен кездескен еді

meta-ratings.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Vesti.kz порталының YouTube арнасына эксклюзивті сұхбат берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сұхбатта әлемнің жетінші ракеткасы Польша құрамасымен болатын Билли Джин Кинг кубогының іріктеу матчтары, биылғы міндеттер және жеке өмірі туралы айтқан.

Бұған дейін ұлттық құраманың жетекшісі Елена Рыбакина Ақордаға барып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, содан кейін журналистермен кездескен еді.

- Қазір сіз өз еліңіздесіз. Мұнда теннистен басқа жоспарларыңыз бар ма?

- Көп нәрсені істей алатыныма сенімді емеспін, себебі мұнда аз уақыт боламын. Бірақ менің бүкіл отбасым осында, сондықтан олармен көбірек уақыт өткізуге тырысамын.

- WTA турындағы ең басты қарсылас кім деп ойлайсыз?

- Жақсы ойыншылар жеткілікті, көбімен өте қиын матчтар бар. Жыл басынан бері мықты қарсыласым Арина Соболенко болған шығар, бірақ ойнау ғана емес, ұтқым келетін ойыншылар өте көп.  Крейчикова өте мықты ойыншы, Онс Жабер жарыс жолына қайта оралды, Ига Швентек турнирді жеңіп алды, сондықтан көптеген қарсылас бар және маған үнемі жаттығу керек.

- "Челси" ойыншысы Лофтус-Чикпен қандай қарым-қатынас бар? Әлеуметтік желіде бір-біріңізге жазылғансыздар ма?

- Мәссаған, сіз бәрін тексергенсіз бе? Меніңше, Уимблдонға дейін ол маған жай ғана жазылып, кейбір фотоға, сториске пікір жазып жүрді. Білуімше, оның теннистен хабары бар, біреулермен ойнап жүрген бірлі-жарым суреттерін де көрдім.

- Сүйікті адамыңыз бар ма?

- Бұл биыл да құпия болып қала берсін, – деп күлді Рыбакина.