Санкцияға байланысты Қазақстан хоккейден бас бапкерін ауыстырды

Qaz365.kz редакциясы

Былтыр қыркүйек айында Латвия Парламенті Иммиграция туралы заңға түзетулерді енгізді

shaiba.kz

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Андрей Скабелка қызметінен кетіп, орнына Ғалым Мамбеталиев тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz 

Ұлттық құраманың бас бапкерін ауыстыруының себебі санкцияға байланысты болып отыр. Өйткені алдағы 12-28 мамыр аралығында Латвияның Рига, Эстонияның Тампере қалаларында әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан Латвия астанасында ойнайды. «В» тобында Норвегия, Чехия, Швейцария, Канада, Словакия, Латвия мен Словения құрамаларымен кездеседі.
Андрей Скабелка және оның көмекшілері Игорь Матушкин, Владимир Копать, Кирилл Легчаковтардың барлығы – Беларусь азаматы. Санкциялық шектеулерге байланысты олар Латвияның аумағына кіре алмайды.

Былтыр қыркүйек айында Латвия Парламенті Иммиграция туралы заңға түзетулерді енгізді. Соған сәйкес, Ресей мен Беларусь азаматтары үшін жұмыс визаларын алу мүмкіндігі тоқтатылды. Тек гуманитарлық бағыттар бойынша мүмкіндік бар. Бірақ Андрей Скабелканың жаттықтырушылар штабы оларға жатпайды.
Соның арқасында ұлттық құраманың бас бапкері болып Қазақстан азаматы тағайындалды.
Ғалым Мамбеталиев бұған дейін 2018 жылы әлем чемпионатында (1А) Қазақстан құрамасын басқарған болатын. Сондай-ақ өткен Универсиадада еліміздің студенттер құрамасымен бірге қола медаль жеңіп алды. «Номадпен» бірге былтыр маусымда Pro Hokei Ligasy-ның чемпионы атанды.
Оған Александр Высоцкий, Ерлан Сағымбаев, Александр Шимин, Александр Березинский, Глеб Каратаев көмектеседі.