2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының тұмары таныстырылды

Qaz365.kz редакциясы

2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының тұмары – фригия қалпағы

Olimpic.com

2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының тұмары таныстырылды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жазғы Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті алдағы Париж ойындарының ресми тұмарларын таныстырды.

2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының тұмары – ресми фригия қалпақтары болып белгіленді. Оған Фриги атауы берілді.

Фригия қалпағы – 1978 жылғы Ұлы Франция революциясының символына айналған көне бас киім.
Тұмар ретінде жасалған 2 фриги калпағы да «әйел жынысының» бет-бейнесі берілген.

Олимпиаданың тұмары кроссовка киген, ал Паралимпиада тұмарының бір аяғы – протез. Көздерінде Франция туы түріндегі кірпіктері бар. Екі қалпақтың да түсі – қызыл.
Бұған дейін Францияда олимпиада ойындарды 1992 жылы өткен болатын. Ол кездегі ойындардың тұмары – Maджик гномы болған.