Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан жасөспірімдері Жапонияны ойсырата жеңді

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатындағы екінші ойынын Жапонияға қарсы өткізді

Ашық дереккөздерден

Францияның Анже қаласында 1А дивизионында бүгін екінші тур ойындары өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстандық хоккейшілер кездесу барысында сенімді ойын көрсетті. Бірінші кезеңнің 18-минутында ел құрамасынан Артур Гросс көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Екінші кезеңде қазақстандық Кирилл Ляпунов 21-минутында есепті үстемелей түсті. Үшінші кезеңде ел құрамасынан Александр Ким 41-минутта басымдықты арттырса, Кирилл Ляпунов 44-минутта тағы бір мәрте гол соқты. Кездесу нүктесін 58-минутта Абай Бейсембаев қойды. Осылайша қазақстандық хоккейшілер қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсті.