PWL-2 турнирінің екі дүркін чемпионының жауырынын жерге тигізді
Алматыда күрес түрлерінен Поддубный лигасы өтіп жатыр деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жарыста ел намысын қорғаған Жәмила Бақбергенова PWL-2 турнирінің екі дүркін чемпионы, ресейлік Ксения Буракованың осал тұсын тауып, жауырынын жерге тигізді.
Отандасымыз 4:5 есебімен ұтылып жатып, соңында екі ұпай еншілеп, жеңіс тұғырынан көрінді.