Бүгін әлем чемпионатында қазақстандық екі боксшы рингке шығады

Qaz365.kz редакциясы

Әлем чемпионатында жеңімпаз атанған қазақстандық боксшыларға 100 мың доллардан беріледі.

olympic.kz

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, 1 мамырда қазақстандық екі боксшы рингке шығады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Жарыстың алғашқы күнінде ел құрамасынан Талғат Сырымбетов (60 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) бәсекеге түседі.

Талғат Сырымбетов таиландтық Сакда Руамтхама (15-жұп, А рингі), Айбек Оралбай болгариялық Радослав Панталеевпен (17-жұп, Б рингі) қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, әлем чемпионатында ел құрамасынан Санжар Тәшкенбай (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Санатәли Төлтаев (63,5 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Сағындық Тоғамбай (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) бақ сынайды.

Еске салсақ, әлем чемпионатында жеңімпаз атанған қазақстандық боксшыларға 100 мың доллардан беріледі.