Екі қазақ боксшысы әлем чемпионатын сәтті бастады

Qaz365.kz редакциясы

Әлем чемпионаты 14 мамырға дейін жалғасады

Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында әлем чемпионаты қазақ боксшылары үшін сәтті басталды. Бүгін рингке екі боксшымыз жеңіске жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлемдік аламанға алғаш рет қатысып отырған Талғат Сырымбетов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тай боксшысы Сакдой Руамтхаммен кездесті. Жекпе-жек барысында қарсыласынан бір бас жоғары бокстасқан Сырымбетов айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Сондай-ақ 92 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Айбек Оралбай болгар боксшысы Радослав Панталеевқа еш мүмкіндік қалдырған жоқ.
Ертең рингке Санатәлі Төлтаев (63,5) пен Сағындық Тоғамбай (86 келі) көтеріледі.

Әлем чемпионаты 14 мамырға дейін жалғасады. Жеңімпазға ІВА 200 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақыны табыстайды.

Ал ҚР бокс федерациясының президенті чемпион атанған атлетке өз қаржысынан 100 мың доллар бермекші.