Ол өзінен 10 жас кіші, жастар арасында әлем және Олимпиада чемпионы атанған ресейлік Алексей Дроновтың осал тұсын тапты
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы кездесуін сәтті бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол өзінен 10 жас кіші, жастар арасында әлем және Олимпиада чемпионы атанған ресейлік Алексей Дроновтың осал тұсын тапты.
Алғашқы раундта сәл кібіртектегенімен, Қамшыбек одан кейін қамшы салдырған жоқ. Тіпті, төреші қарсыласына есеп ашып, нокдаун тіркеді.
Енді ол ширек финалда Токио Олимпиадасының чемпионы, жарыс қожайыны Баходир Жалоловпен жолығады.
Қазақстан боксшыларынан әзірге жарыс жолынан екеуі шығып қалды. Біреуі – Талғат Сырымбетов (60 келі), екіншісі Санатәлі Төлтаев (63,5 келі).
Әлем чемпионаты 14 мамырға дейін жалғасады.