Менде бәрі қазақша, ірі сөйлеуден қысылмаймын - Жәнібек Әлімханұлы

Qaz365.kz редакциясы

Ол 14 мамырда канадалық Стивен Батлермен жолығады

instagram.com/janibek_alimkhanuly

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBO әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) 14 мамырда өтетін жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Менде бәрі қазақша. Менің тілімді, менің үнімді әлем естісін! Мен елі үшін жанын берген батырлардың, ұлтының ертеңіне алаңдаған Алаштықтардың ұрпағымын. Мен әлем алдында қазақша сөйлеуден, ірі сөйлеудің ешқашан қысылмаймын», - дейді Жәнібек Әлімханұлы.

Ол қанында ұялатын нәрсе жоқ екенін де айтқан.

«Мен қысылып, қорқып, жалтақтап жүретін құлдық санада емеспін! Себебі мен қазақпын менің өмір стилім QAZAQ STYLE!», - дейді боксшы.

Айта кетейік, отандасымыз 14 мамырда Стоктанда канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) жолығады.

Бұл - Жәнібектің титулын екінші рет қорғауы. Бұған дейін ол 2022 жылы қарашада төрешілердің бірауыз шешімімен британдық боксшы Дензел Бентлиді (18-2-1, 15 КО) жеңген болатын.