Екі қазақ боксшысы әлем чемпионатының финалына өтті

Qaz365.kz редакциясы

Тағы үш боксшымыз финал үшін таласады

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында екі қазақ боксшысы финалға шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алдымен Санжар Тәшкенбай 48 келіге дейін салмақта жұдырықтасты. Ол ресейлік Эдмонд Худоянды 5:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты. 

Одан кейін «Қазақтың Ломаченкосы» атанған Махмұд Сабырхан 54 келіде бокстасты. Отандасымыз жартылай финалда Куба боксшысы, 2017 жылғы әлем чемпионы Йосвани Вейтияны жеңді.

Енді Махмұд финалда  Өзбекстанның өкілі Ойбек Джураевпен жолығады. 

Кешкі сессияда тағы үш боксшымыз – Дулат Бекбауов (61 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Нұрбек Оралбай (80 келі) шаршы алаңға шығады.

Әлем чемпионатының сыйақы қоры – 5,2 млн доллар. Алтын медаль алғандар 200 мың доллар иеленсе, күміске 100 мың доллар, ал қола үшін 50 мың доллар беріледі.