Алғаш рет әлем чемпионатының финалында екі қазақ кездеседі

Qaz365.kz редакциясы

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында  өтіп жатқан ерлер арасындағы бокстан әлем чемпионатының финалына бес қазақ боксшысы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Бесінші болып финалға 80 келідегі Нұрбек Оралбай жолдама алды. Ол жартылай финалда Ресей боксшысы Имам Хатаевты жеңді. 

Енді финалда  Қытайдағы қандасымыз Тоқтарбек Таңатқанмен кездеседі.

Бұған дейін төрт қазақ боксшысы финалға шыққан. Атап айтқанда Санжар Тәшкенбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі).

Әлем чемпионатының сыйақы қоры – 5,2 миллион доллар. Алтын медаль алғандар 200 мың доллар иеленсе, күміске 100 мың доллар, ал қола үшін 50 мың доллар беріледі.