Өзбекстан әлем чемпионатында үш алтын алып үлгерді

Qaz365.kz редакциясы

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалының алғашқы күні жарыс қожайындары үш алтын  алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атап айтсақ, алғашқы алтын 67 келідегі Асахуджа Муйдинходжаевқа бұйырды. Ол шешуші кезең қазақ боксшысы Дулат Бекбауовты жеңді.

Екінші алтын 51 келідегі Хасанбой Дусматовқа тиесілі. 2016 жылғы Рио Олимпмадасының жеңімпазы финалда француз Биллал Беннаманы бірінші раундта нокаутқа түсірді. 

Үшінші алтынға аса ауыр салмақтағы Баходыр Жалолов қол жеткізді. Ол финалда кубалық Александро Арзолоты мерзімінен бұрын ұтты. Бірінші раундта кубалық нокдаун алған. Екінші кезеңде өз еркімен бас тартты. Сөйтіп, Баходир Жалолов екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Баходир бұған дейін ширек финалда қазақ боксшысы Қамшыбек Қоңқабаевты жеңген.