Финалда Қазақстан – Өзбекстан текетіресінде есеп теңесті - 1:1.
Өзбекстан астанасы Ташкенте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан 54 келіде топ жарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол финалда жергілікті өзбек боксшысы Ойбек Жураевты екі рет нокдаунға түсіріп, еш мүмкіндік берместен ұтты.
ВИДЕО: https://t.me/qaz365kz/5266
Махмұд екі жыл бұрын Белградта өткен жаһандық доданың күміс жүлдегері атанған еді.
Осылайша, финалда Қазақстан – Өзбекстан текетіресінде есеп теңесті. 1:1. Бұған дейін 67 келідегі Дулат Бекбауов Асахуджа Муйдинходжаевқа есе жіберді.
Қазақстан құрамасында екі алтын бар. Кеше 48 келіде Санжар Тәшкенбай топ жарды.
Енді Асланбек Шымбергенов (71 келі) те Саиджамшид Джафаровпен, Нұрбек Оралбай (80 келі) Қытай атынан сынға түсетін этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанмен кездеседі.
Әлем чемпиондары Халықаралық бокс қауымдастығынан (IBA) 200 000 АҚШ долларынан алады. Күміс жүлдегерлерге 100 000 мың, қола жүлдегерлердің әрқайсысына 50 000 мың АҚШ доллары беріледі. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 5,2 млн АҚШ долларын құрайды.