Елена Рыбакина әлемнің 1-ракеткасын ұтып, жартылай финалға шықты

Qaz365.kz редакциясы

Ширек финалда ол польшалық Ига Швентекпен кездесті

ktf.kz

Қазақстанның бірінші Елена Рыбакина спорттық жолында алғаш рет Рим WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

1/4 финалда WTA рейтингінде бесінші орында тұрған Рыбакина польшалық Ига Швентекпен кездесті.

Әлемнің бірінші ракеткасы бірінші сетте 6:2 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте Рыбакина тай-брейкте мықты болып, есеп - 7:6 болды. Ал үшінші сетте 2:2 есебімен жеңіске жеткен Швентек жарақатына байланысты жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Кездесу екі сағат 22 минутқа созылды.

Осыған дейін қарсыластар өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде биыл Е. Рыбакина жеңген еді. Осылайша, биыл Елена әлемнің бірінші ракеткасын үш рет ұтты.

Е. Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 20-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен таласады. Ол ширек финалда тартысты кездесуде испаниялық Паула Бадосаны жолдан тайдырды – 6:2, 4:6, 6:3.