Сарапшы Рыбакинаның «Ролан Гаррос» турнирінде жеңіске жету мүмкіндігін бағалады

Qaz365.kz редакциясы

Ол оны фавориттердің қатарына жатқызды

bizmedia.kz

BaigeNews.kz тілшісіне сұхбат берген атақты америкалық журналист Скуп Малиновски қазақстандық теннисші Елена Рыбакина туралы пікір білдіріп, оны Париждегі «Ролан Гаррос» турнирінің фавориті деп атады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Рыбакина таңғалдырып келеді. Меніңше, ол WTA-да допты ойынға қосуда соққысы ең мықты спортшы әрі ол жинақы, ойынға дайын. Кез келген қарсылас үшін “ыңғайсыз” ойыншы. Қазір оны Швентек, Остапенко және Соболенкомен бірге фавориттердің бірі деп санау керек. Парижде көптеген мықты қарсылас болады, бірақ, менің ойымша, олардың арасында Рыбакина көш бастап тұр. Менің «Ролан Гарросқа» деген болжамым бойынша Рыбакина турнирде жеңіске жетеді. Швентек, Соболенко, Пегула, Жабер, Остапенконың да жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Бірақ мені Елена қатты таңқалдырды”, - деді журналист.

Айта кетейік, Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінде жеңіске жетіп, әлемдік рейтингтік позициясын төртінші орынға көтерді.