Бұл – ұлттық құраманың осы турнирдегі алғашқы медалі
Қазақстандық Сұңғат Жұбатқан Душанбеде дзюдодан өтіп жатқан Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық дзюдошы 66 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті.
Сұңғат Жұбатқан алдымен Израиль дзюдошысын, екінші айналымда жарыс қожайыны Нұрали Эмомалиді жолдан тайдырды, дегенмен ширек финалда ресейлік Мурад Шопановқа есе жіберді.
Одан кейін жұбаныш белдесуінде ұлыбританиялық дзюдошыны жеңіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Мұнда ол испаниялық Адриан Нето Чинарродан басым түсті.
Бұл – ұлттық құраманың осы турнирдегі алғашқы медалі.