"Қайрат" футбол клубы мемлекет меншігіне өте ме

Qaz365.kz редакциясы

 Досаев жауап берді

almaly.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев ОКҚ брифингінде “Қайрат” футбол клубы мемлекет меншігіне өте ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Менің сұрағым “Қайрат” футбол клубының болашағы жайында. Осыған дейін клубтың мемлекет меншігіне өтуі мүмкін екенін айтқан болатынсыз. Кейінірек бұл мәселе күн тәрітбінде тұрмағаны хабарланды. Осы мәселе бойынша жаңалықтар жоқ па? Клубқа әрі қарай не болады? Иесі кім болады?” – деп сұрады журналист.

Әкімнің айтуынша, клуб әзірше мемлекеттік меншікке өтпейді.

“Қайрат” – қаланың мұрасы және елдегі ең көне футбол клубы. Ол әзірше коммуналдық меншікке өтпейді, иелері тарапынан бастамалар болған жоқ.

Қала тарапынан «Қайрат» ФК жасөспірімдер мектебін қаржыландыру өз қалпында қалады, ал клуб өз жағдайымен өмір сүруін және дамуын жалғастыруда және өз шарттары бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысуда”, – деп жауап берді әкім.