Бейбіт Ыстыбайдан кейін тағы бір тараздық балуан «Қазақстан барысы» атанды

Qaz365.kz редакциясы

41 палуан бақ сынап жатыр

Ашық дереккөздерден

Елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өткен «Қазақстан барысы-2023» республикалық турнирінің жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Финалда Маңғыстау облысының балуаны Нұрдәулет Жарылғапов пен күштік құрылымдар арасында өткен «Әскер Барысы» турнирінің  жеңімпазы Ғалымжан Қырықбай күш сынасты. 

«Алтын белбеу» мен 25 миллион теңге Ғалымжан Қырықбайға бұйырды.

 

«Қара Бура» лақап атымен танымал спортшы Нұрдәулет Жарылғапов «күміс белбеуді» қанағат етті.

Үшінші орын үшін белдесу Павлодар облысының палуаны Мұхтар Дәлелханұлы мен «Әскер Барысы» турнирінің  жеңімпазы Марат Байкамуров арасында өтті. Белдесу нәтижесі бойынша Мұхтар Дәлелханұлы қола белбеу иегері атанды.
 

1 орын – Ғалымжан Қырықбай (Әскер барысы, 145 келі), 25 млн теңге.
2 орын – Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау облысы, 155 келі ), 5,5 млн теңге.
3 орын –Мұхтар Дәлелханұлы (Павлодар облысы, 115 кг), 1,8 млн теңге.

Айта кетейік, Ғалымжан Қырықбай 2021 жылы күміс, 2022 жылы қола медаль алды.

Нұрдәулет Жарылғапов 2021 жылы қола, 2022 жылы күміс медаль алған болатын.