Қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен сынға түсті
Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қазақстандық теннисші 1/8 финалда әлемнің 13-ракеткасы бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен сынға түсті. Бұған дейін Рыбакина бразилиялық теннисшіден екі рет жеңілген болатын.
Ал Уимблдон турнирінің төртінші айналымында Рыбакина есе қайтарды. Бірінші партияда Рыбакина брейкпен алға шықты - 3:1. Содан кейін өз геймін алды - 4:1. Осы сәтте медициналық көмекке жүгінген бразилиялық теннисші ойынды тоқтатты.
Енді Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабер немесе рейтингте 9-сатыдағы чехиялық Петра Квитованың біреуімен шеберлік байқасады.