Қазақстандық теннисші ширек финалда тунистік Онс Жабермен сынға түсті
Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде жартылай финалға өте алмады, деп хабарлайды Qaz365.kz
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен сынға түсті.
Ширек финалдың бірінші партиясында теннисшілер екі-екіден брейк жасады. Тай-брейкте қазақстандық спортшы басымдылық танытты - 7:6 (7:5).
Бірақ екінші сет соңына қарай Онс Жабер есепті еселеп кетті - 6:4, 6:1.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Елена Рыбакина 7 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 8 эйс, 5 брейк жасады.