Польшада әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы 5 медаль жеңіп алды

Qaz365.kz редакциясы

Командалық есепте Қазақстан екінші орында

olympic.kz

Варшавада (Польша) әйелдер күресінен халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстан құрамасының қоржынында бес медаль бар.

Ирина Казюлина (65 келіге дейін) пен Анастасия Панасович (72 келіге дейін) жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Айнұр Әшімова (55 келіге дейін), Диана Каюмова мен Гүлдана Бекес (екеуі де 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті) қола медальмен аяқталды.

Командалық есепте Қазақстан екінші орында.