Бүкіл маршруттың ұзындығы 1670 м, биіктік айырмашылығы 910м
Халықаралық спорттық альпинизм федерациясы әлем чемпионатында Верный шыңына алғашқы болып шыққан Қазақстан құрама командасы бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды qaz365.kz Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық командаға альпинистер Роман Шестернин, Леонид Крупа, Закиржан Абдураимов және Станислав Лайнопуло енді.
Бүкіл маршруттың ұзындығы 1670 м, биіктік айырмашылығы 910 м. Команда бағыт бойынша 6 түн болып, арнайы платформада түнеді.