Головкин Қазақстан футболшыларын қолдау үшін Астанаға келеді

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті

instagram.com/gggboxing

Кәсіпқой боксшысы Геннадий Головкин футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан - Солтүстік Ирландия матчын тамашалау үшін Нью-Йорктен Астанаға ұшып шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жақында үйде боламыз. Ұлттық құрамамызды қолдау үшін 10 қыркүйекте футболда кездесеміз», – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамаларының ойыны 10 қыркүйек күні елордадағы «Астана-Арена» стадионында өтеді. Басталуы – сағат 19.00-де.

Өкінішке орай, кеше 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында  Қазақстан Финляндиямен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліс тапты.