Ханчжоуда Қазақстан туы көтерілді

Qaz365.kz редакциясы

Ханчжоудағы Азия ойындарына еліміздің атынан 524 атлет қатысады

olympic.kz/ Sabirov Sali

ХІХ жазғы Азия ойындары өтіп жатқан Ханчжоудағы Олимпиада қалашығында ресми түрде Қазақстанның туы көтерілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ту көтеру рәсіміне боксшылар, регбишілер, үстел теннисінің спортшылары мен ұйымдастыру комитетінің мүшелері, еріктілер қатысты.

Ханчжоудағы Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. 4 жылда бір рет ұйымдастырылатын жарысқа еліміздің атынан 524 атлет қатысады. Олар 30 спорт түрінен 305 медаль үшін таласады.