Бокстан жеребе тартылды. Нұрбек Оралбай бірден Қытай қазағымен кездеседі

Qaz365.kz редакциясы

Ерлер арсында 7 салмақта жүлделер сарапқа салынады

Қазақстан бокс федерациясы

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында бокстан жеребе тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ерлер арсында 7 салмақта жүлделер сарапқа салынады. Сонымен қатар Париж Олимпиадасының жолдамсы үлестіріледі. Лицензия тек финалистерге беріледі.

Ең жеңіл салмақ 52 келідегі Сәкен Бибосынов 1/16 финалда моңғол боксшысымен кездеседі. Оны жеңсе Рио Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионы өзбек Хасонбой Дусматовпен қолғап түйістіруі ықтимал.

Жартылай финалда жапон, әлем чемпионы Томоя Цубоймен жолығуы мүмкін.

Ал 57 келіге ауысқан Махмұд Сабырханға 1/16 финалда кореялық Ли қарсылас атанды

63,5 келідегі Ертуған Зейнуллинов Азия чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері Иордания боксшысы Обада Әл-Касбехқа қарсылас атанды.

Ширек финалда өзбекстандағы қандасымыз Руслан Абдуллаев күтіп тұрады.

Капитан Асланбек Шымбергенов бірінші айналымда бос. 1/8 финалда  Қытай немесе Оңтүстік Корея боксшысымен жолығады. 

Ал ширек финалда Ташкентте 67 келі салмақта әлем чемпионы атанған өзбек
Асахуджа Муйдинхужаевпен кездеседі.

Жапониялық әлем чемпионыСевон Окадзавамен жартылай финалда кездесуі мүмкін.

80 келідегі Нұрбек Оралбай 1/8 финалда Тоқтарбек Таңатқанмен кездеседі.

Алғаш рет Азия ойындарына қатысатын келідегі Сағындық Тоғамбай бастапқы кездесу моңғол боксшысы қарсылас атанды.

әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы Лазизбек Муллажонов 

Аса ауыр салмақтағы  Қамшыбек Қоңқабаев өзбек Баходир Жалоловпен тек финалда жолы түйісуі мүмкін.

Ол алдымен Ресей тумасы қазір Бахрейн атынан шығатын Данис Латыповпен жолығады.