Сары құрлықтың басты бәсекесі 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді
Қытайдың Ханчжоу қаласында ХІХ жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ашылу салтанаты жаңадан салынған олимпиалық стадионда өтті. Оған Қытай Халық Республикасының төрағасы Cи Цзиньпин, Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах және бірнеше елдің басшылары қатысты.
Қазақстан туын бокстан 71 келіге дейінгі әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері Надеда Дубовицкая алып жүрді.
Сары құрлықтың басты бәсекесі 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. 4 жылда бір рет ұйымдастырылатын жарысқа еліміздің атынан 524 атлет қатысады. Олар 30 спорт түрінен 305 медаль үшін таласады. Айта кету керек, Қазақстан құрамасы 1994 жылдан бері Азия ойындарына сегізінші рет қатысқалы отыр.