Жартылай финал Астана уақытымен 14:00-де басталады.
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен екі отандасымыз жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қыздар арасында ең жеңіл салмақтағы Абиба Әбужақынова (48 келі) мен ерлер арасында Мағжан Шамшадин (60 келі) жартылай финалға өтті.
Жартылай финал Астана уақытымен 14:00-де басталады.
Ал 52 келідегі Ғалия Тыныбаева ширек финалда моңғолиялық қарсыласына есе жіберді. Деген жұбаныш белдесуде тәжікстандық Ахлия Муминованы ұтты. Енді қола жүлде үшін күресетін болады.
Ал 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев ширек финалда өзбекстандық Сардор Нуриллаевқа есе жіберді.