Абиба Әбужақынова күміс жүлдені қанағат тұтты

Qaz365.kz редакциясы

Бұл жолы қарсыласы мықты болып шықты

Стоп-кадр

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен Абиба Әбужақынова күміс жүлде еншіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол 48 келіге дейін салмақтың финалында
үш дүркін әлем чемпионы, жапон қызы Натцуми Цунодамен кездесті. Былтыр Ташкентте Абиба дәл осы балуанға есе жіберген. Бұл жолы қарсыласы мықты болып шықты. Иппонға түсірді.

Айтпақшы, жартылай финалда кореялық балуан Абибаның көзін шұқып алған болатын.